$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақмыс» компаниясында бөлім басшысы ұсталды

Ол «Бопсалау» қылмыстық құқық бұзушылығын жасады деп күдіктелуде.

Фото: freepic
Фото: freepic

Қарағанды облысында қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС шарттық-наразылық бөлімінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаменті Орталық өңірдің заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаев ұсталды. Қазіргі уақытта А. М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Күдікті 13 наурыз күні ұсталды, оны «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Азат Жұмабаев ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігінде көзделген «Бопсалау» қылмыстық құқық бұзушылығын жасады деп күдіктелуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары