14.03.2024, 23:30

Мәулен Әшімбаев: Ерлерді қорғайтын заңның керегі жоқ

Фото: inbusiness.kz

Заң да президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр.

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сенат кулуарында еркектерді қорғайтын заңның қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, Қазақстанда заң бойынша әрбір азаматтың құқығы қорғалған.

Менің ойымша, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Керек болса, тиісті шешім қабылданады, – деді ол журналистердің сұрағына жауап беру кезінде.

Сенат төрағасының тіпті тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданғаннан, қоғамдағы үлкен қозғалыстан кейін өзгерістер болатынына күмәні жоқ.

Жалпы бұл мәселенің барлығын президент өз бақылауында ұстап отыр, тиісті тапсырмалары бар. Заң да президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр. Бұл бағыттарда оң өзгерістер болатынына толықтай сенемін, – деді М.Әшімбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бәпи әкелерге қатысты заң қабылдауды ұсынған еді.