Сотталғанға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.
Түркістан облысында 11 жастағы қызды зорламақ болып, қан-жоса етіп сабаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы "Не молчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, ер адам жас қызды зорламақ болған.
"Биыл қаңтарда Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Кентау тұрғыны Н.С. жас баланы зорлауға оқталу іс-әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, осы баппен оған педагогикалық және тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бұрын тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген жауапта.
Сотталғанға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.
Қылмыстық істе Н.С. қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекетін дәлелдейтін жеткілікті іс-құжаттар жинақталған.
Қазір бұл іс сотталған Н.С. шағымы бойынша апелляциялық сот алқасында қаралып жатыр. Бұл қылмыстық іс облыс прокуратурасының бақылауында.
Еске салайық, өткен жылы Кентауда ер адам 11 жастағы қызды қан-жоса етіп сабағаны турал ақпарат тараған еді. Оқиға Түркістан облысы Кентау қаласында 26 сәуір күні кешкі сағат 8-дер шамасында болған. Оқушы қызды қан-жоса еткен ер кісіні көршілер көріп қалған екен.
"Қыз айғайлап көмек сұраймын дегенше ер адам оның тамақ тұсынан қатты қысып, қылқындыра бастаған. Ұрып-соққан. Кейін қызды аулаға алып шығып, ұрып-соғуды жалғастырған. Тіпті таспен басынан, бетінен ұрған. Үйдің артына дейін сүйреп апарып, ұрып-соға берген. Қызға шабуылдаған адам оны зорламақ болған", - деп жазды белсенді.