$ 444.14  477.05  4.85

Астанада бағдаршамның сары түсіне өткен жүргізушілер 36 920 теңге айыппұл төлейді (ВИДЕО)

Ережені бір жылда қайта бұзғандар 55 380 теңге айыппұл төлейді, ал 7 күн ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада бағдаршамның сары түсіне өткен жүргізушілерге айыппұл салына бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Екі аптада осындай жүздеген дерек тіркелген. Ал айыппұл көлемі – 36 920 теңге.

Ережені бір жылда қайта бұзғандар 55 380 теңге айыппұл төлейді, ал 7 күн ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік бар.

Өткен жылы бағдаршамның сары түсіне өткені үшін жол апатына ұшыраған 3000 жағдай тіркелген.  6 адам қаза тауып, 250 адам жарақат алған.

Егер бұл шара оң нәтижесін беріп, жол апаты азайса, онда еліміздің басқа қалаларында да сары түске өткен жүргізушілерге айыппұл енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары