Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алматыда белгілі кәсіпкер, Qazaq bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің денесі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кәсіпкердің өлімі жайлы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында хабарлаған.
"Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің денесі табылды деген ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған", - деп жазды Козачков.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.