Матч аса тартысты өтіп, үш сет те тай-брейкпен аяқталды.
Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 732-орында тұрған бразилиялық Игорь Гименеспен шеберлік байқасты.
Матч аса тартысты өтіп, үш сет те тай-брейкпен аяқталды. Алдымен Д.Попко 7:6 (7:1) есебімен алға шықты. Бұдан кейін И.Гименес таразы басын теңестірді – 7:6 (7:5). Шешуші, үшінші партияда Дмитрий жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).
Дмитрий Попко финалға шығу үшін рейтингіде 383-сатыдағы германиялық Луис Вессельспен таласады.