Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов осындай шешімге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын, – делінген хабарламада.
Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады