Шектеу мерзімін 6 айдан 12 айға дейін қоюға болады.
Құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге мүмкіндікті шектеу үшін жаңа сервис іске қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram арнасына жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Facebook желісінде құмар ойындарға тәуелді адамдардан және олардың туыстарынан көмек немесе қандай да бір кеңес сұрайтын хаттарды жиі аламын. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы құмар ойындарға тәуелділік өскелең ұрпаққа орасан зор зиян келтіретінін айтып, лудомания бойынша заңның қабылдануын жеделдетуді тапсырды», – деп жазды Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, соңғы кездері тәуелдіктің бұл түрі жастар арасында кеңінен тарап жатыр.
Қоғамда көтеріліп жатқан мәселенің күрделілігі мен ауқымын ескеріп, Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, Egov mobile мобильді қосымшасында құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге мүмкіндікті шектеу үшін жаңа сервисті іске қостық. Шектеу мерзімін 6 айдан 12 айға дейін қоюға болады. Бұл қызметті алатын азаматтар автоматты түрде өзін-өзі шектейтін тізімге алынады және Қазақстанда лицензиясы бар ойын мекемелері қызметін қолдануды болдырмайтын құралмен қамтамасыз етіледі, – деді министр.