$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде құрылысшылар 135 млн теңге жалақысын ала алмай жүр (ВИДЕО)

Құрылыс компаниясы 4 ай бойы жұмысшылардың жалақысын төлемеген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Құрылысшылар облыс орталығында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көп қабатты үйлердің ішін әрлеумен айналысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Құрылыс компаниясы 4 ай бойы жұмысшылардың жалақысын төлемеген. Қазіргі уақытта компанияның оларға берешегі 135 млн теңгеден асып кеткен.

Компания басшысының орынбасары қаржының келесі үйдің құрылысына қажетті материал алуға жұмсалғанын айтты. Бұл мәселемен Еңбек инспекциясы айналысып жатыр.

Құрылысшылар өздеріне тиесілі ақшаны ай соңына дейін алуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары