$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында құдыққа түсіп кеткен келіншек қайтыс болды

Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр. 

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Түркістан облысында тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап кеткен 29 жастағы келіншек көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 18 наурыз күні таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.

Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегіні жіберіп отырды. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан адамды алып шыққан. Алайда құдықтан шығарылған келіншек бірнеше минуттан кейін көз жұмды.

Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары