19.03.2024, 15:40

Қала статусын алуы ықтимал ауылдардың тізімі шықты

Фото: vlast.kz Авторы: ДАНИЯР МУСИРОВ

Сонымен бірге министр биыл 500-ден астам ауылда 1,4 мың жоба іске асырылатынын айтты.

Ұлттық экономика министрлігі қала статусы берілуі ықтимал ауылдардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тізімде Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының ауылдары бар:

Қарғалы ауылы (Алматы облысы); Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы); Боралдай ауылы (Алматы облысы); Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы); Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы); Қордай ауылы (Жамбыл облысы); Жаңақорған кенті (Қызылорда облысы); Шиелі кенті (Қызылорда облысы); Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы); Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы); Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы); Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы); Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы); Рахат ауылы (Маңғыстау облысы); Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы); Манкент ауылы (Түркістан облысы); Ақсукент ауылы (Түркістан облысы); Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы).

 Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасында республикамызда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұратынын және халық тығыз орналасқан ауылдардың статусын қайта қарау керектігін айтып өткен еді. Бұл еліміздегі халық санының - 38,4 пайызы.

Сонымен бірге министр биыл 500-ден астам ауылда 1,4 мың жоба іске асырылатынын айтты.