Зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды.
Павлодарда аудан әкімінің ұлы 7 сыныпта оқитын қызды ұрып, мұрнын сындырған. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол прокуратура мен облыс әкімінен бұл іске араласып, кінәлі тарапты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанға осы жағдайға қатысты сауал қойылды. Ақпаратты Білім вице-министрі Еділ Оспан растады.
Иә, шынымен де мұндай жағдай болған. Менің білуімше, ол баланың әкіммен отбасылық байланысы расталды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина қақтығыс осы жылдың қаңтарында болғанын айтты. Іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотта қаралып жатыр.
Шынымен де, бұл жағдай қаңтар айында тіркелген. Бізге белгілі болғандай, баланың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жиналыс өтіп үлгерді, – деді Овечкина.
Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова жағдайға қатысты пікір білдірген. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Ол қызды үш рет айналып өтпек болды, бірақ қыз оны өткізбей, тіл тигізе бастады. Мен тіпті кімді жақтарымды білмей отырмын. Менің ойымша, қыз шынымен ұл баланы осыған жеткізді. Мысалы, көбі мас болып келген күйеулерін осыған жеткізеді. Ер адам үйге келгенде әйелі оған әйелдік күш көрсетеді, ал еркек оны алып бар күшімен ұрып жібереді. Осындай әйелдер бар, шынын айтайық, — дейді депутат Гүлжайна Даримова.
"Сұмдық! Әйелге жасалған зорлық-зомбылықты ақтайтын және еркектердің күш көрсетуін ақтап отырған депутат", "Біз лайықты депутат", "Зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды, ол кім болса да: қыз ба, ұл бала", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.