19.03.2024, 17:40

Өзбекстанда Наурыз мейрамында газ баллоны жарылып, 37 адам зардап шекті

Pexels

Оның жетеуі стационарлық жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Наурыз мерекесін тойлау кезінде Қашқадария облысының Көкдала ауданында газ баллоны жарылған. 37 адам ауруханаға жеткізіліп, оның жетеуі стационар бөліміне жатқызылған. Қашқадария облысының прокуратурасы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Көкдала ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде газ баллоны жарылғаны хабарланған.

Оқиға 18 наурыз күні болған. Жарылыстан келіп шыққан өрт салдарынан 37 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Оның жетеуі стационарлық жағдайда ауруханаға жатқызылды, 17-сі амбулаторлық тексеруден өткен, олардың жағдайы қанағаттанарлық, алғашқы медициналық көмек көрсетілген, 13-і медициналық тексерістен өткен соң ауыр дене жарақаты болмағандықтан үйіне жіберілді.

Көкдала аудандық прокуратурасы ӨР Қылмыстық кодекстің 207-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүріп жатыр.