20.03.2024, 23:30

Министр боксшы Бейбіт Шүменовтің әлі іздестіріліп жатқанын айтты

Фото: instagram.com/beibutshumenov

Министрлік Шүменовтың 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Астанада «Мега» сауда орталығындағы дәмханада төбелес шығарған боксшы Бейбіт Шүменовті АҚШ-та іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ержан Сәденовтың айтуынша, Шүменовты ертерек табу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ол іздеуде. Біз оны тезірек қайтаруға тырысамыз, – деді Сәденов.

Еске салсақ, шілде айында Астанада бала көтерген ер адамның соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған еді. Ал әлгі баласы бар ер адамның соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменов екені белгілі болды.

Кейіннен Ішкі істер министрлігі елордадағы сауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатқанын хабарлап, Шүменовтың 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлаған.