Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жауын-шашынның мол түсуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан көпірді су алғанын хабарлады.
Қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысындағы Қарнақ және Бақырлы ауылдарында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кентау қаласы мен Қарнақ ауылының арасын жалғайтын жолдағы көпірдің бір бөлігін жаңбыр суы шайып, бетіндегі жұқа асфальт қана қалған.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жауын-шашынның мол түсуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан көпірді су алғанын хабарлады.
Қазіргі таңда елді мекенге қауіп жоқ. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті әкімдік, төтенше жағдай департаменті тиісті жұмыстарды ұйымдастырып жатыр, - делінген хабарламада.
Қазір жолдағы қозғалыс тоқтатылды. Жол бойын полиция қызметкерлері қадағалауда.
Сонымен бірге Созақ ауданы Қаратау ауылдық округіне қарасты Бақырлы ауылына кіреберістегі көпірді де су шайып кеткен.
Елді мекенді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жауын-шашын тоқтаған. Жергілікті атқарушы орган тарапынан көпірді қалпына келтіру жұмыстары қарастырылуда. Оқиға орнында құзырлы органдар, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр, - деді әкімдіктегілер.