$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Ресей халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады.  Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары