Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жылынады.
«Қазгидромет» РМК алдағы аптада елімізде күн райы қалай құбылатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамынша, 2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.
26 наурызда Қазақстанның батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр жауады деп күтіледі
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жылынады деп күтіледі.
Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескерту арқылы алдын ала хабардар етеді.