$ 442.05  474.14  4.74

Маңғыстауда жол апатынан екі адам қаза болды

Оқиға көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан болды.

Фото: Маңғыстау облысының полиция департаменті
Фото: Маңғыстау облысының полиция департаменті

Қайғылы жол апаты Мұнайлы ауданындағы «Южный» автожолында 24 наурыз күні болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Оқиға көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзу салдарынан болды.

«Kia» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Lexus» көлігіне соғылды. Жол апатының салдарынан «Kia» көлігінің екі жолаушысы мерт болды», - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта кісі өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото; Маңғыстау облысының полиция департаменті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары