25.03.2024, 22:30

Қазақстан Париждегі Олимпиаданың тағы бір жолдамасына ие болды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген болатын.

Қазақстан спортшылары батуттық гимнастикадан Париж олимпиадасының жүлдесі үшін сынға түсу құқығына ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батуттық гимнастикадан әлем кубогының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша, 25 жастағы Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алып отыр.

2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғаш Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға табан тіреген еді.

2023 жыл. 9-орын (58.660 ұпай)

2023 жыл. 20-орын (58.710 ұпай)

2023 жыл. 41-орын (56.450 ұпай)

2024 жыл. 21-орын (58.720 ұпай)

2024 жыл. 47-орын (56.560 ұпай)