25.03.2024, 23:30

Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті

Фото: Pixabay

Құтқарушылар іздестіру орнына шықты.

 

Алматы тауларында екі турист жоғалып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство мәліметінше, қазір Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. 4 қызметкер және 1 кинологиялық есеп Медеу ауданына Үлкен Алматы шатқалына бет алды. 19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне олардың орналасқан жері туралы бейнероликті ұсынды. Құтқарушылар іздестіру орнына шықты.

Айта кетейік, егер тауда адасып кетсеңіз, 112 нөміріне хабарласу керек.