26.03.2024, 10:20

Ақмола облысында ауылдарға қауіп төнді

Фото: Ақмола облысының ТЖД

Қардың қарқынды еруі салдарынан Ерейментау қ. Мұқатов көшесі бойында тұрғын үйді су басу қаупі туындады. 

Ақмола облысында еріген қардан ауылдарға қауіп төнді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әсіресе Ерейментау және Целиноград ауданында жағдай қиын. Аймақта тасқынның алдын алу үшін жедел шаралар қабылданған. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимге көшті. Өңірлердегі арықтар мен су құбылары қардан тазартылып жатыр.

Осы уақытқа дейін 12 мың текше метр су сорылып, 150 мың текше метрден астам қар шығарылған.

25.03 қардың қарқынды еруі салдарынан Ерейментау қ. Мұқатов көшесі бойында тұрғын үйді су басу қаупі туындады. Нәтижесінде ТЖД (3 адам және 1 бірлік техника) және ЖАО (9 адам және 5 бірлік техника ) күштерімен еріген суды бұру және су ағызу құбырын тазарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жойылды.