26.03.2024, 16:40

Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталады

Фото: ile-tany.kz

Құжат қабылдау процесі 31 тамызға дейін созылады.

Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттары 1 сәуірден бастап қабылдана бастайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құжат қабылдау процесі 31 тамызға дейін созылады. Ата-аналар gov.kz веб-порталы және және «е-Білімал» жүйесі арқылы өтініш бере алады.

Ол үшін төмендегідей құжаттарды өткізу керек:

ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші; баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты № 026 / у-3, № 063/у нысаны бойынша Медициналық анықтама); 3х4 екі фотосурет