$ 494.87  520.65  4.91

«Теңгемізге тойған сүмелек»: Легионер футболшы Қазақстанды Африкаға ұқсатты

Оның айтуынша Қызылордада адамнан гөрі түйелер көп көрінеді. Мұндағы халық тәртіп дегеннен мүлдем хабарсыз.

Фото: Футбольный клуб "Витебск"
Фото: Футбольный клуб "Витебск"

Өзге елдерден ат басындай алтын бергендей етіп сатып алған, «футболымызды өркендетеді» деп үміттенген келімсектер өз еліне қайтқан соң сыртымыздан жамандап айтпаған сөзі қалмайтын көрінеді. Бұл туралы желі қолданушысы Жайберген Болатов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазба авторының пайымдауынша, Антон Матвеенко есімді легионер елімізді Африкаға теңеген.

Мәселен, Қызылорданың «Қайсар» командасында ойнаған Антон Матвеенко деген біреу Белоруссияға қайтып оралған соң, сыбағанымызды беріпті. Оның айтуынша Қызылордада адамнан гөрі түйелер көп көрінеді. Мұндағы халық тәртіп дегеннен мүлдем хабарсыз. Әуежайда жүктерінді реттеу деген жоқ, апарып бір жерне үйіп қояды. Жолдары жол емес, шытынап, жарылып жатқан бірдеңе. Стадиондары да ойнауға жарамайды. Қысқасы, кезінде көп ақша беріп, төбемізге көтерген бұл Матвиенко бізді сонау артта қалған Африка елдерінің бірінің қатарына қосып қойыпты. Сірә, өзіне қарасаң орыс секілді, тегіне қарасаң украиндық секілді, сөзіне қарасаң нағыз шовинист болып шығатын бұл сүмелекке қаймағы бұзылмаған қазақ өңірі ұнай қоймаса керек. Атамыз қазақ «Сары орыстың бәрі орыс» дегенде осындайларды меңзеген шығар. Өзімізге де сол керек. Қара домалақтарымызға жол ашудың орнына, шетелге қарап, ауыз ашамыз да отырамыз. Ал мұндайлар енді осы біздің Қостанайдың «Тобылында да жетіп артылады. Шынайы бет пердесі теңгемізге әбден тойып, еліне кеткен соң ашылады. Күте тұралық.

Айтпақшы, көретін қызығыңыз бен шыжығыңыз әлі алда. Биылдан бастап шетелдерден осы Матвеенко секілді келімсектерді шақыруға деген шектеу алынып тасталды. Аман болсақ, талай сөзді естиміз әлі. Чао-какао!, - деп жазды Жайберген Болатов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары