$ 494.87  520.65  4.91

27 наурызға арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

27 наурыз күні  Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, кей жерлерде жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстанның орталығында жүріп жатқан белсенді циклон мен сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды әрі желді ауа райы күтіледі.

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман көрініс табады, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі, - деді синоптиктер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары