27.03.2024, 11:20

Тоқаев Қытайға барады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының сессиясына қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.