$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз Ғайнижамал Хайруллинаның туғанына – 110 жыл

Алғашқы баспалдағы Ленинград өнер техникумындағы қазақ студиясынан бас­та­лады.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бүгін, 27 наурыз қазақтың тұңғыш қыз режиссері Ғайнижамал Хайруллинаның туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Саналы ғұмырын театр өнеріне арнаған қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз – Ғайни Хайроллақызы еді.

Ғайни Хайруллинаның есімі кейбір деректерде «Ғайнижамал» деп те аталады. 1914 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында (бұрынғы Теңіз ауданы – авт.) дүниеге келген. Ғайнижамалдың өнер әлеміне қадам басуына түрткі болғаны әкесі Хайролланың домбыраның құлағында ойнауы еді. Әкесінің қанымен дарыған қасиет қаршадай қазақ қызының Ресейдегі жоғары оқу орындарында білім алуына жол ашты.

Алғашқы баспалдағы Ленинград өнер техникумындағы қазақ студиясынан бас­та­лады. Қазақ студиясында қызмет ететін «Шығыс үйі» атты ұйымында Орта Азиядан келген жастар өнер көрсетіп, соның ішінде Ғайнижамалдың ұлт­тық аспабымыз – домбыраның құлағында ойнап, халық күйлерінен тарту жасауы, сол бір мезетте куә болған жас­тарды елең еткізеді.

1938 жылы дипломдық жұмысын қорғап, арман сапарына аттанады.1947 – 1949 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының режиссері қызметін атқарады. Режиссерлік білімін шыңдау мақсатында 1956 жылы Мәскеу қаласындағы өнер институтына оқуға түседі.

Қазақстанның Халық әртісі Айша Абдуллина (1916 – 2019) 2017 жылы 8 наурызда,  «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Менің бағымды ашқан – Күләш Байсейітова» атты сұхбатында:

«Халық әртісі атағын алуыма қазақтан шыққан алғашқы әйел-режиссерлердің бірі – Ғайнижамал Хайруллина қомақты үлес қосты. Ғайнижамалдың 1958 жылы әзірлеген төрт қойылымы үздік шығып, Мәскеудегі сахна майталмандары мо­йындады», деп өз естелігін айтады. Өнер зерттеушісі Борис Ерзаковичтің «Қазақ халқының ғашықтық әндері» атты антологиясында (құрастырған өнертану ғылымының кандидаты Қ.Жүзбасов) Ғайнижамалмен жүздескен сәттерінен эпизодтар ұсы­нады, - делінген. 

Ғайнижамал Хайроллақызының шығармашылығына ауқымды талдау театртанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты Бақыт Кәкиқызы Нұрпейістің «Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңі (1915-2005 жж.)» атты 520-беттен тұратын монографияда жасалған.

Ғайнижамал Хайролла­қызының шығармашылығының 1-кезеңі: 1938-1961 жылдарды, 2-кезеңі: 1961 жылдан өмірінің соңына дейінгі уақытты қамтиды. Балалар мен жасөспірімдер театрында, кейін Алматы мемлекеттік өнер институтында (қазіргі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда) ұстаздық қызмет атқарады. 1967 жылы 53 жасында кенеттен дүниеден озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары