27.03.2024, 15:40

Қазақстан ажырасу көрсеткіші жағынан әлемде екінші орында

Фото: Pixabay

Өткен жылы елімізде бар болғаны 120 мың жұп некесін заңдастырған екен. Бұл ең төменгі көрсеткіш боп саналады.

Қазақстан ажырасу саны жағынан алғашқы үштіктің қатарында орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ көрсеткіштер бойынша отандастарымыз  тұрмыс құрып, үйленуге де  асықпайтыны белгілі болды. Өткен жылы елімізде бар болғаны 120 мың жұп некесін заңдастырған екен. Бұл ең төменгі көрсеткіш боп саналады.

Сарапшыларының айтуынша, республика бойынша ең көп шаңырақ көтергендер Алматы қаласында тұрады:  13 мың жұп некесін заңдастырған. Ал еліміздің рухани астанасы саналатын Түркістан облысында отбасы құрғандар саны әлдеқайда аз. Сондай-ақ көрсеткіш бойынша ең көп некесін заңдастырылған қалалардың  алғашқы үштігінде Астана да бар. Республика бойынша  Ұлытау облысында ең аз неке тіркелген. Десе де Ұлытау облысында ажрысу саны да көп емес. Мысалы, Ұлытау облысында 198 ерлі-зайыптының ажырасқаны тіркелсе, Қарағанды мен Астанада 1,5 мың жұп заңды некесін бұзған екен. Ажырасудың ең жоғары коэффициенті Алматы қаласында тіркелді. 

Сонымен ажырасу коэфиценті бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте екінші орында тұр. Бұл тізімде көш бастап тұрған Мальдив аралдары. Басқа елден бал айын өткізуге арнайы баратын табиғаты керемет аралдың тұрғындары арасында ажырасу көрсеткіші тіпті жоғары. Статистика бойынша алғашқы ондықтағы тізімде Ресей, Беларусь, Қытай, Молдова, Украина, Литва, Кипр және АҚШ елдері орын алды.

Тегтер: ажырасу