$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында 11 шенеунік жауапқа тартылды

Лауазымды тұлғалардың кінәсінен қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған. Салдарынан бір жылға дейін 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы 11 шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстың денсаулық сақтау саласындағы прокурорлары бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын, вакцинация туралы заңнаманың бұзылуын, жалған вакцинация жағдайларын және басқа да бұзушылықтарды анықтады.

Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінен қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған. Соның салдарынан бір жылға дейін 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген. Басқа жағдайда, «А гепатитіне» қарсы препараттың артық мөлшеріне қарамастан, 2023 жылы 135 млн теңгеден астам қаржыға қосымша 35 мың вакцина сатып алынған. Заң бойынша вакцинаны сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек, - делінген прокуратураның хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарын қоса алғанда, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 126 азаматқа жалпы көлемі 8,5 млн теңге айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары