Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.
Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.