$ 494.87  520.65  4.91

Азаренкомен өтетін жартылай финалдық матчқа дейін қалыпқа келуім керек – Елена Рыбакина

Рыбакина мен әлемнің 32-ракеткасы Азаренконың ойыны 28 наурызға белгіленген.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

WTA-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен өткен ауыр матчтан кейін қалыпқа келудің қиынға түсетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Азаренкомен ойын жеңіл болады деп ойламаймын, өйткені әр матч сайын өз бабыма оралуға жақындай түскеніммен, қалыпқа келу қиын болып тұр. Әрине, мұндай ауыр бәсекелер болашақта жәрдемдеседі, бірақ бір күн демалыс болғанның өзінде қалыпқа келу оңай емес. Матчтан кейін аяғымның ауырғанын сезіндім. Бұған төзуге тырысамын. Қазір ең бастысы – қалыпқа келу. Өзімді жақсырақ сезінемін деп үміттенемін», - деді Е.Рыбакина.

Рыбакина мен әлемнің 32-ракеткасы Азаренконың ойыны 28 наурызға белгіленген. Өзара кездесулерде есеп – 3:0, Елена алда тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары