28.03.2024, 16:40

Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday турнирінде чемпион атанды

Фото: time.kz

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр.

 Блиц-шахматтан 2 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 11 турдың нәтижесі бойынша 1 мәрте тең түсіп, 10 рет жеңіп, қарсыластарын шаң қаптырды.

Бибісара Асаубаева - 10,5 ұпай (300 доллар)

Теодора Иняц - 8,5 ұпай (250 доллар)

Савита Шри Баскар - 8,5 ұпай (200 доллар)

Вантика Агравал - 8 ұпай (150 доллар)

Фам Ле Тхао Нгуен - 7,5 ұпай (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұл жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.