$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев танымал құрылыс компаниясына иелік ететін болып шықты

Бұдан бөлек, прокурор Салтанаттың ағасынан Бишімбаев пен Байжановтың қарым-қатынасы туралы сұрады.

Фото: ҚР Жоғарғы соты
Фото: ҚР Жоғарғы соты

«Sensata» ірі құрылыс компаниясы экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның серіктестерінің қарамағында болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Менің білуімше, бұл ғимарат («Гастро-центр») Қуандық пен оның серіктестеріне, сондай-ақ «Sensata» компаниясына тиесілі. Мұнда Бақытжан (Байжанов, Бишімбаевтың туысы, «Гастро-центр» директоры) негізін қалаушы болса, Бақытжан  мен пәтер сатып алғанда шағын жеңілдік жасады, - деді Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым Амангелді жұма күні түске дейін өткен сот отырысында.

Бұдан бөлек, прокурор Салтанаттың ағасынан Бишімбаев пен Байжановтың қарым-қатынасы туралы сұрады.

Бұл туралы ештеңе айта алмаймын, тек пәтерге қатысты барлық нұсқауларды Байжанов орындаған, ал «Sensata» бойынша бәрі Байжанов арқылы өткен, - деді Амангелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары