29.03.2024, 17:00

Ертең Кабирхан Dubai world cup – Әлем кубогында бәйгеге түседі

Фото: baige.federation

Дубайдағы бәйге «Qazsport» телеарнасынан 30 наурыз 16.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.

«Qazsport» телеарнасы Кабирхан қатысатын Дубайда өтетін Әлем кубогының  жарысын ертең  тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

30 наурыз күні Дубай төрінде ат жарысынан Dubai world cup – Әлем кубогы өтеді. Бәйгеге қазақстандық «қанатты» сәйгүлік Кабирхан қатысады.

Сондай-ақ  додада қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев та бақ сынайды.

Дубайдағы бәйге «Qazsport» телеарнасынан 30 наурыз 16.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.