$ 442.05  474.14  4.74

Үш облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді

Бұл туралы Қазавтожол мәлімдеді.  

Фото: freepik
Фото: freepik

Қар көшкіні мен су тасқыны қаупіне байланысты еліміздің үш облысында жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысында еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан «Қызылорда — Павлодар» тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы — Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Ұлытау облысында еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ, қар көшкініне байланысты «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай» тас жолының 6-166 шақырымында (Ушановское ауылы-Алтай учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

«Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай» тас жолының 420-450 шақырымында (Берел ауылы-Рахман қайнары) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары