30.03.2024, 10:30

Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар оралды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Бақ әкімшілігінің мәлімдеуінше, енді күздің басына дейін сымбатты құстардың сұлулығын тамашалауға болады.

Қыстан аман-есен шыққан аққулар Алматы ботаникалық бағына қайта оралды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ботаникалық бақтың  Instagram парақшасында жүзіп жүрген аққулардың видеосы жарияланды.

Бақ әкімшілігінің мәлімдеуінше, енді күздің басына дейін сымбатты құстардың сұлулығын тамашалауға болады.

Сондай-ақ ботаникалық бақ ұжымы келушілер аққулар мен балықтарды қоректендіруге тыйым салынғанын ескерсе дейді.

«Ботаникалық бақтағы балықтар мен аққуларды күтіп бағуға және қоректендіруге осы мақсатқа арнайы алынған кәсіпқойлар компаниясы жауапты. Күнделікті қажеттілікпен қатаң рацион есептелді. Оларға қажетті заттардың барлығын мамандар дер кезінде және қажетті мөлшерде береді. Бақыланбайтын мөлшердегі зиянды тағам аққуларға зиянын тигізуі мүмкін», - деп ескертті ботаникалық бақтың ұжымы.