Су тасқынының толастамауына байланысты өңірлердегі жол қозғалысы қиындаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі су тасқыны салдарынан Қазақстан-Ресей шекарасының жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған себеп – екі ел арасында шекарада кептелістің пайда болуы. Су тасқынының толастамауына байланысты өңірлердегі жол қозғалысы қиындаған.
"Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, абай және Қостанай облыстарындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының қозғалысын шектелуі мүмкін. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз ", - деп жариялады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.