$ 441.58  480  4.86

Шымкенттегі жол апаты: ер адам әйелінің көз алдында қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, бұл көшеде бағдаршам оқиға орнынан небәрі 50 метр жерде орнатылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Kia автокөлігінің жүргізушісі әйелімен бірге жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 1976 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бәйтереков көшесінде (Астана даңғылына жетпей) болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші есін жимай, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оның әйелі зардап шекпеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы Kia жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факті бойынша полиция тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, бұл көшеде бағдаршам оқиға орнынан небәрі 50 метр жерде орнатылған.

Шымкент полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтауды, ал жаяу жүргіншілерді қырағы болуды және белгіленген орыннан жолды кесіп өтуді ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары