$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында атыс болды (ВИДЕО)

Атыс сәті түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының Шет ауданы Ағадыр кентінде атыс болып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атыс сәті түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қолына қару ұстаған ер адамдар көрінеді.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Оқиға салдарынан ер адам медициналық мекемеге аяғынан оқ жарақатымен түсті.

«31 Наурызда Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді. Полицияда кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Ведомство бұл қылмыстық істі тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін айтты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары