01.04.2024, 13:40

Ақтөбе тұрғыны автобусқа өзінің QR-кодын жабыстырып, жол ақысын алып отырған

Фото: Pixabay

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбеде 19 жастағы жігіт қоғамдық көлік үшін ақы төлегендердің ақшасын өзіне басып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы жігіт принтер арқылы өзінің QR кодын шығарып, автобустың әйнегіне жабыстырып, осылайша жол ақысын өзіне алған. Бір сағаттың ішінде қанша шығын келтірілгенін полицейлер анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті мұндай құқықбұзушылық қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.