Бұған дейін аталмыш қызметті Наталья Годунова атқарған еді.
Экс-премьер-министр Әлихан Смайылов тағы да лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, аталмыш қызметті Наталья Годунова атқарған еді. Бұған дейін Наталья Годунованың президент жарлығымен ол Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылғанын жаздық.