$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбе облысында халқы эвакуацияланған аудандарда ұрлықшыларға қарсы күзет қойылды

Ақтөбе өңірінде су тасқынына байланысты облыс орталығында және облыстың  5 ауданында (Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Әйтеке би) төтенше жағдай режимі жарияланды.

Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары өңірдің су басқан аймақтарында азаматтардың мүлкін қорғауда,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ішкі Істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе өңірінде көктемгі су тасқынына байланысты облыс орталығында және облыстың  5 ауданында (Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Әйтеке би) төтенше жағдай режимі жарияланды.

Полицейлердің, құтқарушылардың, әскери қызметшілер мен еріктілердің күшімен 6931 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2777 бала, олардың бір бөлігі уақытша орналастыру пункттерінде. Сонымен қатар ауылдық жерлерде 7 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқару іс-шараларына және қоғамдық тәртіпті сақтауға 860 полиция қызметкері мен 572 әскери қызметші, 206 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері су басқан аудандарда және эвакуациялық пункттерде қоғамдық тәртіпті сақтауға, жолдарды жабуға және инертті материалдарды төсеуге жұмылдырылды.

Бұдан басқа, су басқан аймақтарда құқыққа қайшы әрекеттер мен тонау фактілерін болдырмау мақсатында тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды, 800-ден астам нысан күзетке алынды: бұл – тұрғын үйлер, сауда объектілері және т. б.

 – Облыстың ішкі істер органдарына тонау фактілері туралы ресми мәлімдемелер түспегеніне қарамастан, азаматтар су басқан үйлерде қалған мүліктерінің сақталуына алаңдайды. Сондықтан полиция су басқан елді мекендерде мүліктің ұрлануына жол бермеу бойынша қосымша шаралар қабылдады, – деді ПД ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары