$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев порнографиялық видеоға қатысты өз нұсқасын айтты

Бишімбаевтың айтуынша, оқиға үйлену тойынан 10 күннен кейін болған.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сотта айғақ беру барысында Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанынан бастап екеуара жанжалдың шығу себептерін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінгі сот отырысында Бишімбаев тергеу мен айыптау дерегі  бойынша, жұбайы Салтанат Нүкеноваға порнографиялық мазмұндағы кейбір бейнелерді көрсетті делінгенін еске салып, осы жөнінде өз нұсқасын баяндап берді.

"Маған аноним нөмірден Telegram-арнаға сілтеме келді, "қараңыз, ол жерден жұбайыңызға ұқсайтын адамды көресіз" делінген. Түн болатын, мен есеңгіреп қалдым, эротикалық видеоны көрдім. Қыз өте ұқсайды. Беті көрінбейді, бірақ өте қатты ұқсайды (Салтанатқа – ред.). Әрине, елеусіз қалдыра алмадым.  Оған көрсеттім де "кешір, бірақ, неге маған мұндай видеоны жібереді” деп сұрадым", – дейді Қуандық Бишімбаев.

Бишімбаевтың айтуынша, оқиға үйлену тойынан 10 күннен кейін болған.

"Біздің отбасылық өміріміз осылай басталды. Мен видеода ол емес екеніне сендім. Онда қандай да бір айырмашылық болды, бірақ факт", – деді Бишімбаев.

Бұған дейін сотталушы марқұм Салтанаттың 27-28 жасқа дейін отбасылы еркектермен ақша үшін кездесіп жүргенін айтты.

Бүгінгі сот отырысынан кейін бірнеше заңгер сот тарапынан марқұмның атынан артық, қылмыстық іске тікелей қатысы жоқ әңгіме-сөздердің айтылуына рұқсат беруін қатты сынға алған ойларымен бөлісті. Адвокат Ляззат Ахатова өзінің Facebook парақшасында Бишімбаевтың марқұмның артынан күліп, шімірікпей сөйлегені өте жаман әсер қалдырғанын жазды.

Бишімбаевты алқабилерсіз-ақ екі сот отырысын өткізіп, тиісті жазасын беру керек еді. Енді отыр, елдің нервісін ойнатып, издеваться етіп..Ақыл-есінде ауытқу бар адам сияқты, тура. Аффект жағдайында өлтірген күнде де істегеніне өкініп, “міне басым, кінәлімін, қара басты мені, не жаза берсеңдер де лайықпын” десе, сәл де болса, ішің жылып қалар ма еді.. Қылмысын мойындау да ерлік екен ғой. Мынаның сотта шімірікпей, күліп тұрғаны адамдардың жүйкесіне жаман әсер етіп жатыр..

Дәл сондай іс болған, осыдан 10-15 жыл бұрын. Ол жерде жігіт қалыңдығы екеуі ішімдік ішіп отырып, ұрсып қалып, қыз “ішімдегі балам сенен емес” дегенде, эмоцияға бой алдырып, кірпішпен бе, дәу таспен бе, басын мыжып тастаған ғой..Сол сәтте қандай әрекет жасағанымды білген жоқпын деп, еңіреп жылады, бейбақ..”Не жаза берсеңіздер де, ризамын, өзім кінәлімін” деді..Сөйтіп айтса да, айналайын екен-ау. Мойындады, ер екен дейтін. Мынау елдің бәрін мазақ етіп тұрғандай ғой. Күлгені сұмдық енді..

Ал танымал заңгер Джохар Өтебеков жәбірленуші тарапының адвокаттарынан аяқта тұрып сұрақ қоюды талап ету, олардың толыққанды жұмыс істеуіне кедергі деп бағалады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары