02.04.2024, 06:30

Елімізде елтаңба ауыстырылған жағдайда банкноттар өзгере ме: Ұлттық банк жауап берді

Фото: pixabay

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік елтаңбаны өзгертуді ұсынған болатын. 

Ұлттық банк Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасын өзгерген жағдайда банкноттарды ауыстыруға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Банкноттар мен монеталардағы мемлекеттік рәміздердің бейнелерін ауыстыру мәселелері түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қаралуы мүмкін, – делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекеттік елтаңбаны өзгертуді ұсынған болатын.