$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында колледж директорын алаяқтықпен бопсалаған әйел 7 жылға сотталды

Алғашқыда 2,5 млн теңге алған әйел, бұл әрекетті бірнеше мәрте қайталаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылы болған. Колледжге қызметке орналасқан келіншек директормен жыныстық қатынасқа түсіп, оны ұялы телефонына басып алған. Содан бастап, қомақты қаражат бермесең, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытып келген. Алғашқыда 2,5 млн теңге алған әйел, бұл әрекетті бірнеше мәрте қайталаған. Бірте-бірте қаржы көлемінде ұлғайтып отырған. Бірінде көлік алып беруін талап еткен. Ал, ең соңғы талабында 13 млн теңге сұраған.

Күдіктінің қылмыстық әрекет жасауын тоқтатпайтынына көзі жеткен жәбірленуші Түркістан облысының полиция департаментіне арызданған.

«Сот шешімімен сотталушы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Сот түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 28 млн теңге өндіріп беретін болды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ» - делінген Түркістан облыстық сотының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары