Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні су басып жатқан өңірлердің біріне баратыны белгілі болды. Дегенмен, Президенттің нақты қай облыс, қай ауданға баратыны әлі белгісіз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - деп жазды Уәли.