02.04.2024, 13:40

Өңірлердегі су тасқыны: Министр Нұржан Нұржігітов отставкаға кете ме?

Фото: primeminister.kz

Министрдің айтуынша, су қоймаларын босату жұмыстары наурыз айында басталған.

Бүгін үкімет брифингінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке өңірлердегі су тасқынына байланысты өз еркімен отставкаға кетуді жоспарлай ма деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Су шаруашылығы министрлігінің басшысы бұған дейін де президенттен қатаң сөгіс алғанын, сондықтан қазір жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, су тасқынын жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті, деп жазды Zakon.kz.

"Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша шаралар қабылданады, су тасқынының алдын алу бойынша іс-шараларымыздың қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді Нұржан Нұржігітов.

Министрдің айтуынша, су қоймаларын босату жұмыстары наурыз айында басталған. Наурыз айы ішінде бұл су қоймаларында шамамен 3 текше шақырым су жиналды.