Атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді.
Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 2 сәуір күні түскі 12:00 шамасында болған.
«Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болды», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді.
Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр.