Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген.
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға бүгін күндіз болған. Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаевтың айтуынша, 2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды.
Қазіргі кезде аудан әкімдіктері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.