Ол өз кезегінде федерацияға алғыс айтып, маңызды жекпе-жекке дайындалып жатқанын жеткізді.
Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Астанада өтетін әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылатын спаррингтік турнирге қатыспайтын болды. Бұл туралы еліміздің бокс федерациясы мәлімдеді. деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақстан бокс федерациясы 8-10 сәуір күндері Астанада өтетін әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылатын спаррингтік кездесулерге қатысу үшін боксшы Ангелина Лукасқа шақырту жіберді. Алайда Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы соңғы рейтингтік жекпе-жегін 30 наурызда Таиландта өткізгендіктен және 20 сәуірге тағы бір чемпиондық жекпе-жегі жоспарланып тұрғандықтан өткен айқастан кейін тынығып, алдағы жұдырықтасуына дайындалу қажет болады. Сондықтан Ангелина Лукас Астанада өтетін іріктеу спаррингтеріне қатыса алмайтындығы белгілі болып отыр. Өз тарапымыздан боксшыны өткен жекпе-жектегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы айқасына сәттілік тілейміз!", - деді бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Ал Ангелина Лукас та өз кезегінде федерацияға алғыс айтып, маңызды жекпе-жекке дайындалып жатқанын жеткізді.