$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың адвокаты сотқа БАҚ-қа қатысты арыз түсірді (ВИДЕО)

Ал Бишімбаев бүгінгі сот отырысында да оқиға болған күні екеуінің арасында кикілжің неліктен туындағанын емес, оған қандай киім-кешек алып бергенін, кімнің концертіне апарғанын айтып тұр.

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты қайта жалғасуда. Бүгінгі сот отырысының басында қорғаушы тарап судьядан БАҚ-қа қылмыстық іс материалдарын жариялауға тыйым салуды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бишімбаевтың адвокаттарына журналистердің Бишімбаев пен Байжановтың хат алмасуын жариялағаны ұнамаған көрінеді.

Бірақ жәбірленуші тарап соттың ашық әрі БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтуді Бишімбаевтың өзі сұрағанын алға тартып, бұған қарсы шықты. Сот қорғаушы тараптың өтінішін кері қайтарды.

«Бишімбаев азаптап өлтіру мен адам өлтіруге қатысты барлық оқиғаны айтып берген соң сұрақ қойғымыз келеді», – деді жәбірленуші тараптың адвокаты.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтуде.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://www.youtube.com/live/KGJItsQxnEw?si=B0SrCdqLjaF4t5qk.

Ал Бишімбаев бүгінгі сот отырысында да оқиға болған күні екеуінің арасында кикілжің неліктен туындағанын емес, оған қандай киім-кешек алып бергенін, кімнің концертіне апарғанын айтып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары